«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Байзақ және Жамбыл аудандары кәсіпкерлерімен кездесу өтті

2024 жылғы 15 Наурыз
- Жамбыл облысы
5065 просмотров

Еңбектің үлкен-кішісі жоқ. Бұл қағидатты әр адамның санасына сіңіру маңызды. Қазір тұрғындарды еңбекпен қамтуға арналған мемлекеттік бірнеше жоба іске асырылуда. Осы орайда жастардың екі қолға бір күрек табуына мүмкіндік бар. Үкімет жастардың кәсіпкерлік ынтасын көтеру және қолдау мақсатында шағын несие беріп те отыр. Тек шаруаны дамытуға, тұрмысын көтерге ынта-жігері мол азаматтар бастап отырған ісін жарты жолдан тастап кетпесе болды.

Осы орайда, Жамбыл облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындарымен, оның ішінде жас кәсіпкерлермен, бизнес өкілдерімен ауқымды кездесу өтті. Жамбыл ауданы бойынша 120, Байзақ ауданы бойынша 150 кәсіпкер қатысты.

Жиында кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық  мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаев, экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Абдыкадыров, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің Төрағасы Қыдырәлі Оспанов, сондай-ақ, Байзақ және Жамбыл аудандық филиалдарының басшылары Нұрбол Қуанышбеков мен Жамбыл Бисмаков өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама жайында түсінік берді.

Спикерлер шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау, кәсіп иелерінің біліктілігін арттыру бойынша кеңінен әңгіме өрбітіп, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында шешілмей жүрген проблемалық сұрақтарды талқылады. Кәсіпкерлік басқармасының мамандары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы» және «BNK Leasing» ЖШС өкілдері кәсіпкерлерге тиімді несие алу, лизингке техника алу жолдарын айтып берді.

«Өткен жылы жамбылдық палатаға қорғау желісі бойынша 91 өтініш келіп түсті, жалпы сомасы 1,6 млрд теңгенің мүлкі кәсіпкерлер мүддесіне қалды. Арыздардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік органдарға шағымдану, жер қатынастары және өзге де. Жыл басынан бері 32 өтініш келіп түсті, оның ішінде 13-і бизнестің құқығын қорғауға тиесілі», – деп Нұралы Баянбайұлы статистикаға тоқталып өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер