«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасында дизель отынын ұрлауға қарсы күрес жайы талқыланды

2024 жылғы 22 Сәуір
- Жамбыл облысы
4579 просмотров

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерімен мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимылға қатысты кездесу өтті. Көктемгі егіс жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамту, жанармайды жымқыруды алдын алу мәселелері қаралды.

Дөңгелек үстел Департамент басшысының орынбасары Р. М. Қасымов және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаевтың төрағалығымен өтті.

Іс-шара спикерлері департамент жұмысының нәтижелері және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы ақпарат жеткізді.

Дөңгелек үстел мәселелерін талқылауға ҚР ҰҚК Шекара қызметі басшылығы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы, энергетика және ТКШ басқармасының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, зум-конференция арқылы іс-шараға аудан әкімдерінің орынбасарлары мен облыстың шаруа қожалықтарына жеңілдікті дизель отынын жіберуді жүзеге асыратын кәсіпкерлер қатысты.

Түткілді мәселелерді белсенді талқылау нәтижесі бойынша ЖЖМ ұрлауға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына әкету жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу үшін жоғарыда аталған органдар өкілдерінің арасынан Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Жұмыс тобының жұмыс нәтижесі  мен ұсыныстарын өңірдің көлеңкелі экономикасына қарсы күрес және жүйелі проблемаларын шешу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде осы жылдың 2 тоқсанында Жамбыл облысы әкімі жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысына шығару жоспарланып отыр.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер