«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталуда

2024 жылғы 26 Сәуір
- Қызылорда облысы
6956 просмотров

Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі - киіз басу өнері. Ұлттық қолөнерді дамыту мақсатында Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Айдарлы ауылында 22-24 сәуір аралығында Республикалық киіз басу форумы  өтті.

Атамекен кәсіпкерлер палатасының «БІР АУЫЛ - БІР ӨНІМ» бағдарламасының жеңімпазы Марияш Әлжанова форум аясында өз шеберханасында жүн тұту, кілем басу, текемет тоқу бойынша Шеберлік сабағын өткізді.

         «Бала күнімізден анамыздың киіз басып, жүннен бұйымдар жасағанын көріп өстік, сондықтан болар бұл кәсіп жаныма етене жақын. Қазіргі әйелдердің аяқтары ауырып, буындары сырқырауының басты себебі де осы киіз өнімдерін тұтынбаудан дер едім. Жалпы мен 2011 жылдан бері киіз, текемет басамын. Осы кәсібімнің арқасында 2020 жылы «Бір ауыл – Бір өнім» жобасының жеңімпазы атандым. Бұл ретте, әрине Атамекен өңірлік палатасының үлесі зор. Палатаның қолдауымен қазір менің қолдан жасаған бұйымдарыма сұраныс жоғары. 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен 27,6 млн теңге несие алып, шеберханаға қажетті құрал жабдықтар алдым, ендігі мақсатым жұмыс көлемін ұлғайту» деді Марияш Әлжанова

Айта кетейік, Марияш апайдың шеберлік дәрісіне Алматы қаласынан арнайы Қазақстан қолөнершілер Одағының төрайымы Айжан Беккулова мен Одақ мүшелері және облыстың ауыл-аймағынан шеберлер мен сарапшылар  қатысты.

Атамекен кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер