«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алты мыңнан астам бизнес субъектісінің құқығы қорғалды

2024 жылғы 16 Шілде
- Алматы қаласы
5336 просмотров

Дереккөз: Алматы қ. «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін Ашық есік күнін «Атамекен» ӨКП және прокуратура қызметкерлері Алматы қаласының оннан астам мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен өткізді.

2024 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий аяқталды. Жүргізілген талдауға сәйкес, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір өсті. Мәселен, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің деректері бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ғана 2147 тексеру тағайындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 854-ке асады (2023 жылдың 1 тоқсанында 1293 тексеру тағайындалды).

Ең көп саны мемлекеттік кірістер департаментіне: 507 (2023 жылы - 137) және еңбек инспекциясы басқармасына: 312 (2023 жылы – 179) тиесілі болды. Сондай-ақ, тексерулер санының едәуір өсуі қала құрылысын бақылау басқармасы, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан байқалады.

Өз баяндамасында Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП бизнесті қорғау және әкімшілік тосқауылдарды төмендету бөлімінің бастығы Еркебұлан Бейімбет айтқандай, Палата жүргізген талдау нәтижесінде қаланың Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері заңды тексеру шеңберінен шығу жолымен заңсыз тексерулер жүргізіп жатқаны және тиісінше кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік істерді заңсыз қозғау оөиғалары орын алғаны анықталды.

Мысалы, чекті бермеу туралы өтініш бойынша бизнес субъектілерін тексерде  (ҚР ӘҚБтК 284-бабының 3-тармағын бұзу), бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада ҚР ӘҚБтК 284-бабының 2-тармағына жататын кассалық аппараттар мен POS-терминалдардың болуын тексеру сипатталған. Яғни, бұл жағдайда ҚР ӘҚБтК 822-бабының 2-бөлігіндегі әкімшілік заңнаманың нормалары өрескел бұзылған. Ал, негізінде  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы заңды және негізделген болуы тиіс.

«Тексерулер санының мұндай мөлшерде өсуі мемлекеттік органдардың мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарды, 2023 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы ұсынғандай, мүлдем жаңа негізде құруға тырыспайтынын,  «әкімшілендірудің репрессиялық сипатын» қолдануды жалғастырып жатқанын көрсетеді. Бұл бизнес субъектілері мен экономика субъектілерінің кәсіпкерлік бастамасына теріс әсер етеді», - деп қорытындылады Еркебұлан Бейімбет.

Осындай және басқа да түрде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзушылықтарды жоққа шығару мақсатында өңірлік палатасының алаңында бизнес-қоғамдастықпен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестердің жүйелі түрде, онда туындаған проблемаларды  еркін талқылап  шешу бойынша жедел шаралар қолдану практикасы қолға алынған. Бизнесті қорғау бойынша жедел  топтың жұмысы күшейтілді, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін жедел топқа өтініштерді онлайн беруге жағдайлар жасалды.

Сонымен қатар, прокуратура базасында QR-кодтарды сканерлеу арқылы өтініштеді жедел қабылдау жүйесі енгізілді. Кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар туралы сигнал беруге арналған QR-кодтар адамдар көп шоғырланатын орындарда, сондай-ақ 95 билборд пен лед-экрандарда орналастырылған. Жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың тағы бір құралы – «прокурорлық сүзгі» енгізілді.

«Инвесторлар үшін ауыр зардаптарға әкеп соғатын Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың тыйым салу-шектеу және өзге де шешімдері прокуратура органдарымен келісуге жатады. Бұл салықтық тексерулерге, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға, қызметті уаұытша тоқтатуға, лицензияларды қайтарып алуға және басқа әрекеттерге қатысты. «Прокурорлық сүзбе» аясында мемлекеттік органдардың тексерулерді тағайындау туралы 198 шешімі қаралды, оның 42-сі кері қайтарылды. Жыл басынан бері 64 инвестордың құқықтары қорғалды. Олардың ел экономикасына салған салымдарының жалпы сомасы 200 млрд. теңгеден асып,  5 мың жұмыс орны ашылды», - деді Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі Мақсат Жанысбеков.

Осылайша, жыл басынан бері 6 мыңға жуық бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды, бұзушылықтарды жою туралы 5 мыңнан астам заңсыз хабарламалар кері қайтарылып, олардың күші жойылды. Ал жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзуға жол берген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кездесуге келген кәсіпкерлер қазіргітаңда туындап отырған мәселелерін айтып, сол жерде толық жауап ала алды. Бұл ретте, қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Данияр Ысқақов атап өткендей, кәсіпкерлердің өтініштері бойынша мемлекеттік органдар толық, негізделген жауаптар беруі тиіс. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге де, мемлекеттік органдардың өкілдеріне де тексеру кезінде бейнежазба  жүргізу, ал бизнес субъектілерінің заңсыз қызметінің жолын кесу мақсатында бақылаулы сатып алулар жасап, заң талаптары мен нормаларын бұзудың ықтимал салдары туралы алдын алу жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Себебі, заңды білмеу, өздеріңіз білетіндей, жауапкершіліктен босатпайды. Ал, талаптар мен заң нрмаларын білу, бұзушылақтар санын едәуір азайтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер