«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбылдық палатада сауда маркаларының құқық иеленушілерінің құқықтарын қорғау және контрафактілік өнімдерге қарсы күрес мәселелері талқыланды

2024 жылғы 28 Тамыз
- Жамбыл облысы
3371 просмотров

ҚР ҚМ Жамбыл облысы бойынша департаменті «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, өңірдегі көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шаралары шеңберінде «Сауда маркаларының құқық иеленушілерінің құқықтарын қорғау және Жамбыл облысындағы контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел мәселелерін талқылауға Әділет департаменттерінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, мемлекеттік кірістер, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің, Жамбыл облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық Комитеттің, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері қатысты. Қолда бар проблемалар мен оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды белсенді талқылау нәтижелері бойынша қатысушылар сауда маркаларының құқық иеленушілерінің құқықтарын қорғауға және контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы тұруға бағытталған уәкілетті мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ӨКП арасында меморандум әзірлеу және жасасу туралы бірауыздан шешім қабылдады. Меморандум осы бағыттағы бірлескен жұмысты үйлестіруге және бар проблемаларды шешу бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеуге ықпал ететін болады.

«Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың және «Атамекен» ӨКП жауапты қызметкерлерін қоса отырып, бірлескен WhatsApp-чат құрылды, сондай-ақ тоқсан сайын өткізілген жұмыс туралы баяндамалармен дөңгелек үстелдер өткізе отырып, сондай-ақ сауда маркаларының құқық иелерінің келіп түскен өтініштерін талқылай отырып, тұрақты жұмыс тобын құру ұсынылды»,–деп атап өтті Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер