«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласындағы «Атамекен» палатасында аппарат басшысы ауысты

2024 жылғы 23 Қазан
- Алматы қаласы
2365 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

21 қазаннан бастап Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы аппаратының жаңа басшысы болып Шыңғысхан Маманов тағайындалды.

Шыңғысхан Маратұлы Маманов 1987 жылы 28 шілдеде дүниеге келген. Мемлекеттік басқару, Халықаралық құқық және гуманитарлық ғылымдар мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. 2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген, 2010 жылы Монтана университетінің (University of Montana, АҚШ) бакалавры болды және 2017 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында магистр дәрежесін алды.

Еңбек қызметін  2010 жылы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бастады. Осы уақыт ішінде кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің бас сарапшысы лауазымдарын атқарды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру - аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы, Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің аппарат басшысы, одан кейін әкім орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының бас консультанты қызметтерін атқарған.

2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Орион Дистрибьюшн» ЖШС Астер Авто даму жөніндегі директоры қызметінде болды.

Аппарат басшысын өңірлік палатасының ұжымымен  ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов таныстырды.

Аппараттың бұрынғы басшысы Әділет Керімбеков өңірлік палатада екі жылдан астам жұмыс істеді. Ол атқарған қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер