«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қоғамдық тамақтану бақылауда

2024 жылғы 24 Қазан
- Алматы қаласы
3103 просмотров

Дереккөз: harpersbazaar.kz

Қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін Алмалы ауданының кәсіпкерлеріне арналған семинар-кеңесті «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері өткізді.

Алмалы ауданы бойынша өткен 9 айда жеке және заңды тұлғалардан тамақтану сапасына және санитарлық нормаларды бұзу туралы 153 шағым хат түсті. Санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы басқармасының қызметкерлері келіп түскен барлық өтініштер бойынша тексерулер жүргізілмейтінін түсіндірді. Көбісі «нақтылауға» қайтарылады. Ол дегеніміз, нақты фактілермен растау. Тұтынушы фото және видео материалды ұсынуы керек.

«Біз қадағалаушы немесе жазалаушы орган емеспіз. Біз кәсіпкерлерге жағымсыз сәттерден аулақ болуға көмектескісі келетін консультативтік органбыз. Бізге электронды форматта келіп түскен 153 өтініштің 22-сі бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Ол жерде бұзушылықтарды растайтын толық материал ұсынылған. Бірақ шағымдардың негізгі саны желдетуге қатысты, оны үйдің ортақ желдеткіш жүйесінен бөлек орнату қажет. Түскен шағымдардың көбісі сол желдеткіш жүйелер мен тамақ қалдықтарын жою бойынша. Яғни, бұл жағдайларға ерекше назар аудару қажет», - деп түсіндірді Алматы қаласы СЭҚ департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Кенжегүл Қонысбаева.

Сондай-ақ, семинарда санитарлық бақылау саласындағы заңнамадағы кейбір өзгерістер талқыланды. Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап санитарлық кітапшалар бойынша өзгерістер күшіне енеді. Сондай-ақ, олардың жаңа форматын қызметкерлерден электронды форматта талап етуге болады. Бұл бизнестің жауапкершілігін едәуір жеңілдетеді.

«Электрондық медициналық кітапшалар сатып алуды болдырмайды. Өйткені, олар жалпы республикалық электрондық базада тіркеледі. Осылайша, сан.кітапшаларын оңды-солдыға сата беретін  жосықсыз медициналық ұйымдардың жолы кесіледі. Ал, санитарлық кітапшаның бар екендігін мобильді қосымша арқылы оңай тексеруге болады», - дейді Алмалы ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Егор Картинский.

Жалпы, «Атамекен» палатасы кәсіпкерлердің мемлекеттік құрылымдармен, инвесторлармен, әлеуетті серіктестермен және мемлекеттік емес ұйымдармен сындарлы диалогын қамтамасыз ете отырып, осындай пайдалы практикумдарды тұрақты өткізу алаңы ретінде әрекет етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер