«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнестегі нәзік жандарды не толғандырады?

2016 жылғы 29 Қараша
- Ақтөбе облысы
12880 просмотров

Іскер әйелдер кеңесі аудандық кеңестер төрайымдарымен және кәсіпкер әйелдермен кездесіп, ауылдағы әйелдер бизнесін талқылады

Еске салсақ, әр ауданда және Ақтөбе қаласында белсенді бизнес ханымдар бір-біріне көмек қолын созу үшін Іскер әйелдер кеңесіне біріккен болатын. Ауыл әйелдері үшін өз бизнесін жүргізу қиынға соғады, себебі табиғат пен қоғамның өзі әйелдерге белгілі бір шектеулер бекіткен. Дегенмен, әрі аяулы ана, әрі отбасының ұйытқысы, әрі кәсіпкер болып жүрген ақтөбелік әйелдер аз емес. 

Аудандардан келген бизнес ханымдардың көбі өздерімен бірге ұсыныстарын, идеяларын және бизнес-таныстырылымдарын да ала келген. Мәселен, Темір ауданының кәсіпкер әйелдері күш қосып, «Шұбар текстиль» атты шағын фабрика құрған. Онда олар киім тігуге тапсырыстар қабылдайды. Олардың айтуынша, фабриканың аудандар мен қалалардағы сауда орындарында тапсырыспен киім тігуге әлеуеті жетеді. Сонымен бірге, бизнес ханымдар несиелеу және кепілдік қамтамасыз ету мәселелеріне қызығушылық танытты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер