«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қазақстанның үздік тауары»: Тараздағы компаниялар семинарға қатысты

2017 жылғы 22 Мамыр
- Жамбыл облысы
6395 просмотров

Компаниялар ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысты дайындық семинарына қатысты

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бұл семинарды үш жыл қатарынан өткізіп келеді. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының 9 жеңімпазы облыстың респблика деңгейінде намысын қорғайды. Сонымен қатар іріктеуден өткен қатысушылар ҚР Президентінің «Алтын сапа» байқауына Жамбыл облысы атынан қатысады», – деді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры Марипбек Шакербек.

Аталмыш семинарға «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына алғаш рет қатысқалы отырған компаниялар өкілдері келді.   

Байқаулардың шарттарын хабарлап, байқау қатысу үшін қандай құжаттар мен есептер қажет, рәсімдеу үлгілерін көрсету, түсіндіру мақсатында Тараз қаласына «Атамекен» ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары, байқауларды ұйымдастыру кураторы  Салтанат Әбдікәрімова, «Интерсерт Консалтинг Центр Азия» ЖШС сарапшы аудиторы Людмила Циновкина арнайы келді.

«Жаз айыларында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі өтуіне байланысты «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын шілде айының аяғы, тамыз  айының басы аралығында өткіземіз деп жоспарлап отырмыз», – деді Салтанат Әбдікәрімова.

 Ал Людмила Циновкина семинар қатысушыларына байқаулардың шарттары мен талаптарын, құжаттарды рәсімдеу реті, қатысушыларды қалай бағалайтыны туралы толымды ақпарат берді. Семинар еркін тілдесу форматында өткізілді. Бизнесмендер белсенді түрде сұрақтар өойып, сарапшылар байқау ережелері бойынша түсініксіз тұстарын қайта түсіндірді.  

«Биыл біз алғаш рет «Қазақстанның үздік тауар» республикалық көрме-байқауына қатысқалы отырмыз.   Бүгінгі семинарда қажетті ақпаратты алдық, спикерлерге алғысымы шексіз. Осындай қолаудан кейін байқауға сенімді қатысып, жеңуге тырысамыз», – «Buildsvyazkom» ЖШС кадр бөлімі бастығы Ғазиза Ұлтанбаева.

Ал Қордай ауданындағы омарта шаруышалығының иесі, кәсіпкер Валерий Ромащенко  көрме-байқауға қатысуға сақадай сай,  әрі жоғары баға алуға дәмелі. Былтыр «Ромащенко» жеке кәсіпкерлігі өндіретін бал қазылар алқасына ұнап, кәсіпкерлік «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында үшінші орынға ие болды.  

 Семинарға қатысушыларына арнайы сертификаттар табыс етілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер