«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тараздың тәтті вафлиі Қытайға экспортталуда

2018 жылғы 24 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
3659 просмотров

Бүгінгі таңда облыстың кез келген дүкен сөресінен, әр үйдің дастарханынан Сәуленің вафлиін көруге болады

2018 жыл басында тұтынушыларға жол тартқан фабрика өнімдері аз уақыттың ішінде тіл үйірер дәмімен көптің көңілін жаулап үлгерді.  Сапа тұрғысынан шетелдің брендтеріне дес бермейтін  «Сәуле» фабрикасына сыртқы серіктестер қызуғышылық танытып, биылғы жылдың қараша айында аспан асты елінің нарығына шықты.

Фабрика жақында Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасынан тауардың шығу тегі сертификатын алды. СТ-КZ сертификаты тауардың Қазақстан Республикасының аумағында шығу тегін растайды, бұл өз кезегінде жеткізушіге жеңілдікті шарттарда өткізілетін барлық сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді.

Енді аталған серіктестік болашақта тек Азия елдеріне ғана емес, өнім ассортиментін теңіз асып Еуропа нарығына шығару, өндіріс көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.

Сәуле жолы

Өндіріс ошағының тарихы 2015 жылы Тараздағы автотұрақ аумағынан тыс қалған жерді сатып алумен басталады. Фабрика басшысы Сәуле Жанабекова кәсіпорын ғимаратының бірін қайта құру жұмыстарын қолға алып, салмасы бар вафлиды әзірлеу бойынша австралиялық НААS компаниясының жабдықтарын сатып алуға келісім жасайды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы 1,2 млрд тенге көлемінде несие алған кәсіпорынның бүгінде мүмкіндігі мол. Желінің өндірістік қуаты айына 250 тонна дайын өнімді құрайды. 2017 жылдың соңында монтаждау және іске қосу жұмыстары жүргізілді, ал 2018 жылдың басында рұқсат беру құжаттарын алғаннан кейін фабриканың алғашқы өнімдері сауда желілерінің сөрелеріне түсе бастаған.  

Отандық вафли

Компанияның бірінші бөлігі іске қосылған мезеттен бастап 34 түрлі ассортимент шығарылып, тұтынушылардың көзайымына айналады. Компания әзірге 30 адамды жұмыспен қамтыған, барлық желілер пайдалануға берілгеннен және номиналды қуатқа шыққаннан кейін кәсіпорынның жоспарында штатты 200 адамға дейін кеңейту бар.

Бизнес ханым Сәуле Сатыбалдиеваның мақсаты – фабриканың жаңа корпусын салу, шоколад пен карамельден жасалған кондитерлік өнімдер шығаратын жаңа желілерді сатып алу.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың жеті айында құны 16,2 млн.теңгені құрайтын 30 мың өнімі өндірілді. Қазіргі уақытта фабриканың екінші кезеңінің құрылысы жүргізілуде: ағымдағы жылдың желтоқсан айында цехты қайта құру аяқталмақ екен. 2019 жылы жаңа корпус салу және жаңа өндірістік желі сатып алу жоспарлануда. Қазіргі заманғы жабдықтарды енгізу кәсіпорынның қуатын 4500 тоннадан 12 000 тоннаға дейін арттыруға және өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қосымша 170 жаңа жұмыс орны ашылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер