«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнеске салықпен соққы береміз бе?

2015 жылғы 16 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
12708 просмотров

Қызылордалық кәсіпкерлер салық саясатының күшейтілуіне қарсы

Өңірдегі бизнес-қоғамдастық салық заңнамасында орын алатын жаңалықтарға алаңдаулы

Ел Үкіметінің ҚР Парламенті қарауына қолданыстағы салық заңнамасына бірқатар түзетулер даярлап, жолдағаны белгілі. Кәсіпкерлер жаңа заң жобасы салық саясатын, салықтық және кедендік әкімшілік етуді күшейтуге бағытталған деп есептейді.

Жоба 5% мөлшерлемемен сатуға салық және 5-12% мөлшерлемесімен бөлшек салық енгізуді, сонымен қатар пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерін 40 есе көбейтуді көздейді.

Жақында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен тыңдаулар қорытындысы бойынша күллі елдегі бизнес-қоғамдастық өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісі мен парламенттік партиялық фракцияларға ашық хат жолдағаны белгілі.

Қызылордалық кәсіпкерлер тыңдауларда сөз алған әріптестерінің ұстанымына толығымен келіседі.

«Өңір бизнесі салық заңнамасына мұндай өзгертулер енгізілуіне бірауыздан қарсы. Біз ештеңе ұтпаймыз! Мәселен, аталмыш заң жобасы бойынша кәсіпкерлердің негізгі бөлігі ҚҚС төлеуші болып шығады. Егер ісін бастаушы кәсіпкерлер осы уақытқа дейін салық төлемдерін өздері жасап, есептер тапсырып келген болса, енді жаңа заң қолданысқа енгізілгеннен кейін олар қосымша мамандар тартуға мәжбүр болады. Онсыз болмайын деп тұр, себебі бухгалтерлік есеп жұмысының көлемі ұлғаяды. Бірақ ісін бастаушы кәсіпкер бизнесін ашу кезінде қосымша шығынға бара ала ма? Сонымен қатар, егер заң жобасы қабылданатын болса, салық төлеуден жалтару деректерінің мөлшері артып, көлеңкелі экономикаға тіке жол ашылады. Одан әрі жемқорлықтың да аулы алыс емес. Осы өзгерістер бюджетке түсім көлемінің ұлғаюына сеп болатын да шығар, бірақ жалпы мұндай саясаттың болашағы жоқ», - деген сенімде «Аквалайн» ЖШС директоры Ғалымбек Жақсылықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер